Президент Садыр Жапаров “шетел агенттері” туралы заңға қол қойды

1765
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «шетел агенттері» туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жапаров бұған дейін қарсылық танытып, «аталған заңға қол қоймауды өтініп» үкіметтік емес ұйымдар мен олардың шетелдік әріптестері хабарласқанын айтқан.

«Елімізде жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар 30 жыл бойы еш жерде тіркелмей келді. Ешкімге есеп бермеді. Олар банктен есеп-шот ашып, шетелдік донорлардан ақша алып, өз есептері үшін де пайдаланып келді. Бұдан былай олар басқалар сияқты Юстиция министрлігінде тіркелетін болады. Банк есеп-шотын ашады. Енді олар ашық жұмыс істейді. Осыған дейінгідей бей-беректтік болмайды»,-деді Садыр Жапаров.

Президент отандық ҮЕҰ шетелдік донорларды алдап жатқанын айтты.

«Донорлар осындай қауесетке сеніп қалып, менен заңға қол қоймауды өтінді. Мемлекет басшысы ретінде ешқандай қудалау болмайтынына кепілдік беремін. Біз ядролық мемлекет емеспіз. Ғарышқа да ұшқалы жатқан жоқпыз. Біздің мемлекеттің сіздерден, сіздердің донорларыңыздан жасыратын құпиямыз жоқ. Бізде кез келген ақпаратты ашық дереккөзден табуға болады»,- деді президент.

Қырғызстандық БАҚ жазуынша, бұл заң қабылданған соң шет елден қаржыланыратын ұйымдар «шетелдік өкілдер» деп аталады. Айта кетейік, Ресейде осыған ұқсас заң қабылданып, шетелден қаржыланатын ұйымдар «иноагент» тізіміне енген еді. Мұндай ұйымдар жылына кемінде бір рет жан-жақты тексеруден өтеді.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер