ЕРМҰРАТ БАПИ: Топан суды білу үшін маман болу қажет емес!

1496
Adyrna.kz Telegram
Фото: ulysmedia.kz
Фото: ulysmedia.kz

МЧС о причинах подтоплений в регионах Казахстана: "Вода пришла, откуда не ждали" дейді. О, тоба, ол бір сырт елден немесе Марстан келе жатқан су ма екен?!

Екі көзі төр болып, сарылып күтіп жүргендей, "откуда не ждали" дейді тағы! Су ешқайдан келген жоқ! Былтыр күз жаңбырлы болды, жерге ылғал молынан сіңді де, қарашаның ортасынан асқанда жерге түскен тоңмен бірге қатып қалды.

Ал наурыздың соңына ала күн күрт жылыды да, еріген қар суы сіресіп жатқан тоңның үстімен ақты. Жерге сіңетіндей мүмкіндік болған жоқ. Содан суға - су қосылып, тоң басқан қырдың бетімен сабынды судай сырғыды.

Тасқынға тосқын табылмаған топан судың бар гәбі осы! Оны білу үшін судың да, қардың да маманы болу қажет емес!

Ермұрат Бапи

 

 

Пікірлер