Еуропарламент Ресейдің Еуроодақ саясаткерлеріне пара бергенін тексеруді талап етуде

1890
Adyrna.kz Telegram

Еуропарламенттің бірқатар мүшелері «Ресей ұйым мүшелеріне үгіт-насихат тарату үшін пара берді» деген айыптауларды тергеуді талап етті, деп хабарлайды "Адырна" РБК-Украинаға сілтеп. 

Жаңарту либералдық тобының президенті Валери Хайер Еуропарламентке (ЕП) жолдаған хатында бұл мәселе бойынша парламентте «шұғыл пікірталас» өткізуге шақырды.

Аталмыш тақырып 10 сәуірде Брюссельде өтетін келесі пленарлық отырыста талқыға салынуы мүмкін.

«Егер Еуропарламенттің қазіргі мүшелері немесе болашақ еуропалық сайлауға үміткерлер Ресей үкіметінен пара немесе олардың сенімді адамдарынан ақша алса оларды ұстау керек», - деді Хейер.

Голландиялық жасыл партияның депутаты Бас Эйкхот та ЕП сайлауына түсетін кандидаттарды тергеуге шақырды.

"Еуропа сайлауы 10 аптадан кейін болады. Біз бұл сайлаудағы үміткерлердің ешқайсысына ресейліктер ақша төлемейтініне сенімді болуымыз керек", - деді ол мәлімдемесінде.

Бұл арада парламенттегі екі ірі саяси топ – Еуропа халықтық партиясы мен Социалисттер мен демократтар Ресейдің ықпалы туралы айыптауларға қатысты аз пікір білдірген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер