Сапардан Президент келеді, сазайын кімнің береді?

833
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдан келген соң Премьер-Министр Олжас Бектеновпен және басқа да ресми тұлғалармен кездесу өткізеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп. 

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың еліміздің бірқатар өңірлеріндегі су тасқынының салдарын жою жөніндегі жұмысын бақылауда», - делінген хабарламада.

Жағдайды талдау нәтижелері бойынша дайындық шараларына қатыспаған және елді мекендерді су басуға жол бергендерді жұмыстан шығаруды қоса алғанда, тәртіптік шаралар қолданылатыны хабарланды.

Қазіргі уақытта халыққа көмек көрсету, адам өлімінің алдын алу басты міндете тұрғаны айтылды.

«Бұл соңғы жылдардағы ең ірі су тасқыны. Енді ең бастысы – адамдардың өмірін сақтап қалу және апаттың салдарын азайту. Одан кейін жекелеген лауазымды тұлғалардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде салғырттық танытуының ықтимал фактілерін анықтау мақсатында тексеру жүргізіледі. Мен бұл мәселені Бас прокурормен де талқыладым. Бүгінгі таңда барлық күш су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмсалуда. Бірқатар өңірлерде төтенше жағдай жарияланды. Менің бірінші орынбасарым Роман Васильевич Скляр зардап шеккен аймақтарда жұмыс істеуде», - деді Бектенов жұма күні.

Еске салайық, Тоқаев Боао Азия форумының XXIII сессиясына қатысу үшін Қытайға жұмыс сапарымен кеткен болатын.

Пікірлер