Көкшетауда төтенше жағдай жарияланды

6241
Adyrna.kz Telegram

Көкшетауда су тасқанына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Ғайса айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шаһар басшысы Қылшақты өзеніндегі судың деңгейі шамадан тыс көтерілуі тұрғындардың өмір сүруіне қолайсыздық туғызғанын мәлімдеді.

«Жағдайды тұрақтандыру үшін Төтенше жағдай енгізілді. Соның шеңберінде келтірілген шығын көлемі анықталып, комиссия арқылы материалдық көмек мәселесі шешілетін болады. Су тасқынынан келтірілген залалдарды жою бойынша жедел штаб құрылды. Су басқан аймақтардағы тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде, қазіргі кезде 100 жуық адам арнайы дайындалған орындарға орналастырылды. Жерлестеріме жағдайды түсінгеніңіз үшін және су тасқынына қарсы күресте қолдан келгенше көмек көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамын»,—деді ол.

Бауыржан Ғайса зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін атап өтті.

«Тұрғындар 8 775 666 99 08 нөмірі арқылы өтініш бере алады»,—деді Көкшетау әкімі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер