Арқалық қаласы мен Қостанай облысының екі ауданында төтенше жағдай жарияланды

1510
Adyrna.kz Telegram
Фото: ult.kz
Фото: ult.kz

Қостанай облысындағы бір қала мен екі ауданда төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы 28 наурызда облыстық төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы

«Қостанай облысының аумағында Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандарында төтенше жағдай жарияланды», - делінген ведомство хабарламасында.

28 наурыздағы жағдай бойынша Қостанай облысында 434 адам құтқарылды:

Арқалық қаласы – 307 адам;

Амангелді ауданы – 37 адам;

Жангелдин ауданы – 90 адам.

Айта кетейік, 28 наурызға қараған түні облыста Қызыл Жұлдыз, Екідің, Аққысы, Қызылжұлдыз ауылдары мен тоғыз қыстаудағы тұрғындарды эвакуациялау бойынша жедел-құтқару операциясы жүргізілді. Су тасқынынан зардап шеккендер тікұшақпен Арқалық қаласындағы эвакуациялау пункттеріне жеткізілді.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге көмектесу үшін Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Арқалық қаласына жіберілді.

27 наурызда құтқарушылар Ми-8 тікұшағымен еріген су басқан қыстауларынан 12 адамды эвакуациялады.

Пікірлер