Кеше Туниязбен кездескен Президент ертең Қытайға сапарлайды

722
Adyrna.kz Telegram

Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяуда Қытайға сапарлайтынын жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің Telegram-каналында хабарланғандай, Президент Тоқаев 28-29 наурызда Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барады және Боао Азия форумының сессиясына қатысады.

«Сапар бағдарламасына Қазақстан Президенті мен Қытай Халық Республикасының басшылығы, халықаралық ұйымдар мен ірі қытайлық компаниялар басшыларының бірқатар кездесулері кіреді», - деп атап өтті Ақордада.

Кеше Президент Тоқаев ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы коммунистік партия комитеті хатшысының орынбасары, ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Эркин Туниязды қабылдаған. "Біз Қытайдың экономикалық өсімін жіті бақылап отырмыз және бұл бағыттағы қарқынды дамуы мен қол жеткізген нәтижелеріне баса мән береміз. Қытай – экономикалық даму тұрғысынан әлемдегі басты елдердің бірі,"- деген сонда Президент.

Эркин Тунияз - Шыңжаңдағы ұйғырлар құқығын аяқасты еткені үшін батыс санкциясына ұшыраған Қытай шенеуніктерінің бірі.

Пікірлер