Құқықтық мәдениетті арттыру, халықтың құқықтық санасын дамыту тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері болып табылады. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелері үлкен маңызға ие. Азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтар бойындағы Заңға құрмет сезімін ояту мәселелері барлық мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда мемлекет жүргізіліп жатқан құқықтық түсіндіру жұмыстарына, сондай-ақ оны жаңа сапалық деңгейге көтеру үшін нормативтік-құқықтық актілерге ерекше назар аударады. Осыған байланысты, конституциялық, азаматтық және өзге де адам және азаматтық құқықтардың іске асырылуын қамтамасыз ету, халықтың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Қазақстан барлық аймақтарында түрлі шаралар жүргізіліп келеді.
Қазақстанда саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, рухани және басқа салаларда орын алған түбегейлі өзгерістерқұқықтық, әлеуметтік мемлекетті құру бағытына бет бұру секілді жағдайлар жаңа жағдайда кез-келген мемлекеттік саясат құқықтық болуы тиіс деген байлам жасауға түрткі болды десек те болады. Сонымен қатар, нақты саясат түрлерінен басқа, жоспарлы өзгертулер мен жаңартуларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірегей жалпыұлттық құқықтық саясатты құру қажет екендігі айқын. Осыған байланысты, аталмыш саясаттың қоғамның әлеуметтік–құқықтық және саяси өміріндегі рөлін түсіну және түйсіну үшін оның теориялық әдістемелік аспектілерін толықтай қарастырып, оның Қазақстандағы жаңа жағдайларда қалыптасу және әрекет ету мүмкіндіктерін жан-жақты қарастыру қажет. Осы тұрғыдан құқықтық саясат: ең алдымен, қоғамды саяси-құқықтық жағынан дамытуға, құқықтың саясатқа құқықтық деген лауазым беру үшін саясатқа енуі ретіндегі саяси-құқықтық басқару механизмін жасап шығаруға бағытталған мемлекет қызметінің концептуалды заңдық негізі ретінде орын алады. Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – саяси жаңғыру және адам құқықтарын қорғау, қоғамды топтастыру одан арғы ілгерілеудің басты факторы ретіндегі қажеттілікке назар аудара отырып, ел мақсаты саяси процестің тиімділігін, ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру болып табылады. Сондықтан саяси реформалар жалғаса беретіні анық. «Мемлекеттің тиімділігін арттыру» кең ауқымды саяси реформалары құқықтық саясат саласындағы елеулі реформаларды да қамтитыны сөзсіз. Құқықтық саясат мемлекетіміздің құқықтық даму процестерін басқаруға, қоғам өміріндегі құқықтық құрамдас бөліктің реттілік және оңтайлы ұйымдастырылу дәрежесін арттыруға арналған. Осы бағытта басшылықтан арнайы декларациялар қабылданған.
Декларация барлық халық мен мемлекет, сондай-ақ әрбiр адам оны орындауға ұмтылуға тиiс мiндеттi бекiтедi. Ол адам құқығы саласында бірыңғай халықаралық стандартты қалыптастырған адам құқығы саласында 60-тан астам құралды енгізуге ықпал етеді.Декларацияда ұлтына, тұратын жеріне, жынысына, этникалық шығу тегіне, тіліне, дініне немесе өзге де жағдайына қатысты қандай да бір айырмашылықсыз бәрімізде бар негізгі құқық пен бостандықтың кең тізбесі бекітілген. Биыл осы маңызды жаһандық декларацияның қабылданғанына 75 жыл толды. Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы» жарлыққа қол қойған болатын. Ол жарлықта саясаттық ең маңызды құрам бөлігі – азамат құқығы жөнінде атап өтілген болатын. Қазіргі саясаттың ең маңызды құрамдас бөлігі оның құқықтық негізі болып табылады. Құқықтық нормалар саясатқа оны анықтайтын, әмбебап құқықтық кеңістікті құрайтын, саяси процеске қатысушылардың құзыреттілігінің негізін белгілейтін прогрессивті динамиканың маңызды логикасын береді. Жеткілікті түрде әзірленген құқықтық саясатсыз саясаттың барлық түрлерін мақсатты және сенімді түрде жүзеге асыру мүмкін емес. Құқықтық саясаттың әлсіздігі, құқықтық базаның жетілдірілмегендігімен, құқықтық актілердегі қайшылықтармен, айқын емес басымдықтармен бірге жалпы әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыруда айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі қоғам өмірінде құқықтың рөлі күрт өскенін, әрі қарай да өлшеусіз өсетінін айта кеткен жөн. Құқықтық ақпарат ағыны салыстыруға келмейтіндей артып, әртүрлі нормативтік актілер әлдеқайда көп қабылдана бастады. Бұл біздің қоғам, жеке және заңды тұлғалар өздерінің өзекті мәселелерін шешу үшін заңды белсендірек пайдалана бастағанымен түсіндіріледі. Тиісінше, «құқықтық саясат» – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық процестерді құқықтық реттеудің тиімді тетігін құру, әлеуметтік тұрақтылыққа қол жеткізу үшін құқықтық тетіктерді орынды пайдалану, мейлінше толық қамтамасыз ету мақсаттары бойынша мемлекеттің ақылға қонымды, жүйелі және дәйекті қызметі. адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті нығайту, құқықтық мәдениет деңгейін айтарлықтай арттыру. 1993 жылғы егеменді Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясында негізгі міндеттерге республика азаматтары мемлекеттік нышандары – Елтаңбаны, Туды, Әнұранды құрметтеу, қастер тұту кіргізілген. Ондай бап Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясында да бар. Бұл ереже мемлекеттің абырой, беделін нығайтуға, арттыруға бағытталған және біздің мемлекетіміздің белгілерін құрметтеу сезімін дамытуға әсер етеді, адамдарды ұлтжандылыққа баулиды. Адам құқығының жүзеге асып, орындалуы бойынша қай елдің болмасын даму өрісін, адамгершілік, парасаттылығын байқауға болады. Ондай елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуы да жоғары болмақ. Ол елдетоталитарлық тәртіпке де жол беріле қоймайды. Қазақстан Республикасы Конституциясы қоғам мен мемлекет өмірінде біздің әрқайсымыздың құқығымыз бен бостандығымызды қорғау үшін лайықты өмір сүру жолында елімізде жүргізіліп жатқан түбегейлі реформалардың табысты болуы үшін қажетті тәртіп орнатуға мүмкіндік береді деп сенеміз. Ол – біздің республикамызда әр адам құрметке бөленеді деп болашаққа зор үмітпен қарауымыздың кепілі.
Қорыта келгенде, құқығының іске асып, орындалуының өте зор маңызы бар екендігін аңғарамыз. Ол бойынша қай елдің болмасын даму өрісін, адамгершілік, парасаттылығын байқауға болады. Ол арқылы адам ардақталып, асқақтатылады, мерей, мәртебесі көрсетіледі. Ондай елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуы да жоғары болады. Ол елде кертартпа, тоталитарлық тәртіпке де жол беріле қоймайды. Жалпы дүниежүзілік мөлшерде алсақ, адам құқын орындау халықтар арасында сенімді нығайтуға, адамгершілік қатынастарды дамытуа, бейбітшілікті сақтауға кепіл бола алады. Ол адамға өзінің жеке және қоғамдық өмірінің саналы жасаушысы, ішкі және сыртқы саясаттың толық субъектісі болуына, мемлекеттің бірқалыпты прогресті дамуына жағдай жасайды. Адам құқығының қамтамасыз етілу деңгейі қоғамның даму дәрежесі мен демократиялылығын көрсетеді.