Кеден қызметі басшысының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимов Бішкекке жеткізілді

670
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Қырғызстанның Кеден қызметі басшысының бұрынғы орынбасары  Райымбек Матраимовтың суреттері пайда болды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі kaktus.media-ға сілтеп.

Ол Бакуден Бішкекке әкелінген.

Экс-шенеунік үкіметтік ұшақтың көмегімен экстрадицияланған болатын.

Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратында ағайынды төрт Матраимовтар – Райымбек, Ескендір, Тілек және Ислам бар.

Тілек Матраимов ағасымен бірге Бакуден экстрадицияланды.

«Райымбек Матраимовтың Қырғызстанда ұсталған Әзербайжаннан келген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерімен байланысы бар екені белгілі болды, олар Қырғыз Республикасының басшылығына қастандық жасауды дайындап жатыр», - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті.

Айта кеткйік, Райымбек Матраимов 2015-2017 жылдар аралығында Қырғызстанда мемлекеттік кеден қызметі басшысының орынбасары қызметін атқарған. Ал оған 2020 жылдың қазан айында билік ауысқаннан кейін кедендегі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айып тағылды.

Пікірлер