Жаңа заманның технологиясы. Chat GPT роботы адамдармен тілдесе алады

548
Adyrna.kz Telegram
Фото: Figure
Фото: Figure

Chat GPT қосымшасы роботқа айналды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Америкалық стартап Figure адам тәрізді роботтардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін OpenAI-пен ынтымақтастық орнатты.

Робот нақты уақыт режимінде адаммен диалог жүргізе алады. Робот тәріздес қосымша түрлі сұрақтарға жауап беріп, командаларды орындайды.

Бизнесмен және стартаптың негізін қалаушы Бретт Адкок бір жыл бұрын компания "әлемдегі бірінші коммерциялық қол жетімді жалпы мақсаттағы гуманоидты роботты жасауға" қол жеткізген.

2023 жылдың соңына қарай робот әртүрлі тапсырмаларды орындауды үйрену мүмкіндігіне ие болған.

Өткен айда Figure роботтың қоймада жұмыс істеп жатқан бейнесін жариялады. Осыдан кейін бірден дерлік компания машинаның екінші буынын әзірлегенін жариялады.

Пікірлер