«Росатом» Қырғызстанда шағын ГЭС салу туралы келісімге қол қойды

1685
Adyrna.kz Telegram
Фото: Атоммедиа
Фото: Атоммедиа

«Росатом» Қырғызстанмен шағын ГЭС жобалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Атоммедиаға" сілтеп.

Екі тарап наурыздың 25-і күні келісімге қол қойды.

«Тараптар Қырғыз Республикасында қуаты 400 МВт-қа дейінгі шағын гидроэнергетикалық нысандар құрылысының инвестициялық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізді», - делінген хабарламада.

ГЭС Талас, Жалал-Абад, Баткен және басқа да облыстарда салынуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Қырғызстанның энергетика вице-министрі Талайбек Байғазиев газ көлемін арттыру үшін «Газпроммен» келіссөз жүргізгісі келетіні туралы ақпарат тараған болатын.

Басылымның хабарлауынша, Қырғызстанда қуаты 100 МВт жел электр станциясын салуды қарастыруда. Сондай-ақ «Росатом» Қырғызстандағы шағын атом электр станциясының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді жоспарлаған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер