"Крокус Ситидегі" теракт. Қаза болғандар саны 115-ке жетті

787
Adyrna.kz Telegram

Мәскеудегі "Крокус Сити Холлдағы" теракт салдарынан қаза тапқандар саны 115-ке жетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ресейдің тергеу комитетінің ақпаратына сілтеп.

«Қазір қаза тапқандар саны 115-ке жетті», - делінген сенбі күнгі мәлімдемеде.

Естеріңізге сала кетейік, 22 наурыз күні кешке Ресейдің "Крокус Сити Холлында" белгісіз біреулер ірі теракт жасаған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, ондаған адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланған. Крокус Сити Холлдағы терактіге байланысты Қазақстан азаматтары үшін сенім телефоны ашылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан атынан Мәскеудегі "Крокус Сити Холлдағы" лаңкестік әрекетті қатаң айыптады. Айта кетейік, Украина лаңкестік әрекетке қатысы жоқтығын бірден мәлім етті.

Пікірлер