Екібастұзда мұз астына кеткен көліктен екі адамның денесі шығарылды

1853
Adyrna.kz Telegram

Екібастұзда су қоймадағы мұз астына кеткен көліктен екі адамның мәйіті шығарылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«22 наурызда сағат 20.33-те Екібастұз қаласы, 2-ГРЭС ауданындағы «Шандықсор» жасанды су қоймасына 1978 және 1976 жылы туған ер адамдар жеке көліктерін айдап кеткені туралы хабарлама түсті. Ер адамдар балық аулауға Павлодардан барғаны белгілі болды. Көлік жағадан 700-800 м жерге батып кеткен. 23 наурызда сағат 7.20-да Екібастұз қаласының құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады. Жеті адам, екі техника және бір су көлігі жұмылдырылды. Қаза болған балықшылардың мәйіттерін құтқарушылар су қоймасынан шығарды», - делінген сенбі күні таратқан хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі мұздың қазір өте жұқа екенін, оның үстіне шығу адам өміріне қауіп төндіретінін ескертті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер