Мәсімов расымен де жазасын түрмеде өтеп жатыр ма?

776
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов түрмеде жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты, деп хабарлады “Адырна” ұлттық порталы.

Мәжіліс кулуарында журналистер министрге «Кәрім Мәсімов жазасын қайда өтеп жатыр? Ол емін-еркін бір іс-шарада жүр деген ақпарат бар. Бұл мәлімет рас па? Ол қайда, жазасын қалай өтеп жатыр? Неге видео, фото жоқ?» деген сұрақ қойды.

Ал Ержан Сәденов Мәсімовтің түрмеде жазасын өтеп жатқанын атап өтті.

«Ол сотталған, түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Оны (Кәрім Мәсімовті – авт.) неге көрсетуіміз керек? Колонияға кірудің өз рәсімі бар. Адам құқығына қатысты бюро бар», - деді министр.

Айта кетейік, 2023 жылғы 23 сәуірде ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталған еді. Оның мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салынды.

Пікірлер