"Терроризмді насихаттады" деген екі азамат сотталды

703
Adyrna.kz Telegram
dzen.ru
dzen.ru

Қазақстанда терроризмді насихаттағаны үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстаған екі азаматқа қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Тергеу нәтижесінде олар кінәлі деп танылып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Тараз қаласының тұрғыны шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысуға үгіттегені және лаңкестік топтарға қосылуды жоспарлағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған терроризмді насихаттады және діни араздықты қоздырды деген айып тағылды.

Алматы қаласының бұрын сотталған тұрғыны интернетте радикалды идеологияны насихаттаған. Сонымен қатар, ол есірткі тасымалдады деп те айыпталып, сот үкімімен 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды.

2024 жылы Қазақстанда террористік және экстремистік әрекеттері үшін 84 адам сотталғаны белгілі болды.

Пікірлер