Тоқаев кәсіпкерлерді мешіт қана емес, мектеп пен ауруханалар салуға шақырды

645
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерге мешіт орнына мектеп, кітапхана мен аурухана салуды сұрады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ол Ұлттық Құрылтай отырысында сөйлеген сөзінде осындай игі істер ұрпақ есінде қалып, ризашылық тудыратынын атап өтті.

«Өңірлерде өз қаражатына мешіт салып жатқан кәсіпкерлердің шынайы, игі ниеттерін түсінемін. Бірақ жаңа мектеп, жатақхана, аурухана, кітапхана, мұражай, спорт кешендері салынса, мешіт салғаннан кем емес игілікті және пайдалы іс болар еді. Ұрпақтары осындай нақты істерді бағалап, риза болатынына сенімдімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент жастар арасында белең алған бет-аузын бүркеп, тұмшаланып алатын діни киімдер біздің ұлттық салт-дәстүрімізден алшақ екенін атап өтті.

Пікірлер