Үлкендегі үлкен АЭС. Құрылысқа Ресей қатысуы мүмкін - СІМ

1016
Adyrna.kz Telegram
Фото: sputnik.ru
Фото: sputnik.ru

Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясымен бірлесіп атом электр станциясының (АЭС) құрылысын жүзеге асыруы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Курсивке сілтеп.

Бұл туралы ол Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу барысында айтты.

«Инвестициялық жобаларға қатысты айтар болсам, қазіргі таңда бізде ресейлік бизнес өкілдерімен бірлескен 170-тен астам жоба бар. Солардың ішінде маңызды жобалардың бірі ретінде Қазақстанда атом электр станциясын салу жоспарланып отыр. Бұл бағытта салалық министрліктер тиісті жұмыс жүргізеді деп сенемін», – деді министр Нұртілеу.

Еске салайық, 2023 жылғы 6 қазанда Қазақстанда АЭС құрылысына қатысты референдум өтті. Нәтижесінде 71,12% азамат бұл бастаманы қолдап дауыс берді. Құрылыс бойынша шорт-листке төрт халықаралық компания енді. Нақтырақ, Қытайдың CNNC, Оңтүстік Кореяның KHNP, Ресейдің "Росатом" және Францияның EDF компаниялары құрылысқа қатысады.

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың айтуынша, АЭС құрылысын жүзеге асыратын компания биыл маусым айында белгілі болады. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жобаны халықаралық консорциум жүзеге асыруы керек екенін атап өткен еді.

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясы Алматы облысындағы Үлкен ауылында салынады. Станция аумағында индустриялық аймақ құрылып, қосалқы кәсіпорындар, әлеуметтік нысандар мен қызметкерлерге арналған инфрақұрылымдар дамытылады. Сонымен қатар, ауылдағы жолдар мен су жүйесін жаңарту тапсырылған.

Айта кетейік, Президент Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Қазақстанда үш АЭС салынатынын және ядролық энергетика агенттігі құрылатынын мәлімдеген болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер