ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі тағы да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бұл жолғы жер дүмпуі 17 наурыз күні сағат 00:04-де болған.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық класы — 9.8. MPV магнитудасы — 4.5.
Жер сілкінісінің координаттары 41.36° с. б. 78.78° ш. б. Тереңдігі — 15 км.
Болған дүмпулердің Қазақстан аумағында сезілуі туралы ақпарат жоқ.