Сағынтаев енді вокзалдарға жөндеу жұмыстарын жасауды тапсырды

1927

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы-1 теміржол вокзалында жұмыс сапарымен болды.
Ең алдымен әкім вокзал жанындағы күрделі жөндеуден өткен территорияны бағалап шықты. Қала басшысы қай бағытта жолушылар ағыны көптігін сұрады.

«Оңтүстіктен келеді. Алматы-2 қаланың орталықтарын қамтыса, оңтүстік аудандардан Алматы-1 вокзалына тоқтайды. Түрксіб ауданындағы 39 автобус маршрутының барлығы Алматы-1 вокзалына келіп тоқтайды», - деді қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов.

«Түнде қалай мұнда? Аудандағы басқа жерлер де сондай ма? Әлде келген адамдарға көрсетілетін жер ғана ма?» - деді әкім.

«Болашақта вокзал маңын шамамен 1 км радиуста көріктендіру жоспарда бар», - деді Ерлан Әукенов. Қала әкімі вокзал маңында тротуардың жоқтығына назар аударды.

«Тротуар жасаңыздар. Мына соқпақтармен жүру мүмкін емес. Тротуар жасау, проблема емес қой. Ары кетсе 15-20 метр ғой, есесіне адамдардың алғысын аласыздар», - деді қала әкімі.

Осы сәтте Бақытжан Сағынтаевқа екі тұрғын келіп, аудандағы кептеліс, пәтерлерді жалға беру бизнесінің өршіп тұрғанын айтып шағымданды.

«Мен аудан әкіміне жезөкшелікпен ақша табу, есірткі нүктелері жақсы дамып кеткенін айттым. Бұл деректер әлеуметтік желіде айтылды. Өкінішке орай әкім көп мән бермеді. Тұрғындарға автобустар, жынойнақ ордалары кедергі келтіреді. Мас, тұрғылықты жері жоқ адамдар көп. Әкім бомждардың көптігі тұрғылықты мекені жоқ адамдарды бейімдеу орталығының барлығымен байланыстырды. Қазір келе жатсақ, алдымыздан тәлтіректеп бір мас келе жатыр. Бұның бәрін шешетін боламыз», - деді Б.Сағынтаев. Қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары көп жылдан бері осы мәселелердің өзекті болып келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, полиция шешімін табу үшін жұмыс істеп келеді.

«Көп жылдан бері ме? Сіз көптен бері істейсіз бе? Онда сіздер түк шешпейсіздер. Осыған үйреніп кеткенсіздер», - деді әкім.

Мұның алдында Алматы-1, Алматы-2 вокзалдары қаланың коммуналдық меншігіне берілетіні айтылған болатын.

 

Дереккөз: inform.kz

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket