Әншінің төтеншеліктер ескертуін елемегені айтылды (ВИДЕО)

1494
Adyrna.kz Telegram

Халық әртісі Роза Рымбаева дауылды желге қарамастан Ақтау қаласында концерт берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі inaktau.kz-ке сілтеме жасап.

Эстрада жұлдызының концерті 14 наурыз күні қаладағы 15-шағын аудандағы жағалауда өтеді деп жоспарланған. Алайда құтқару қызметі дәл сол күні Маңғыстау тұрғындарына секундына 20 метрге дейін жететін дауылды жел туралы ескерту жіберген. Әнші қолайсыз ауа-райына қарамастан, концертті тоқтатпай, көпшіліктің алдында өнер көрсетті.

Жергілікті басылымның жазуынша, Роза Рымбаеваның өнерін тамашалауға 50-ге жуық көрермен жиналған.

«Концертті кейінге қалдырғымыз келген, бірақ Роза Рымбаева бұған үзілді-кесілді қарсы болды. Ол Ақтау тұрғындары аптап ыстықта да, аязды күні де, дауылда да, тіпті сусыз қалған күндері де осы қаланы тұрғызғанын, сондықтан бұл концерттің ақтаулықтарға деген құрметі екенін айтты»,—деп түсіндірді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар қаласының әкімдігі Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртастың Наурыз мерекесіне орай қала тұрғындарының алдында өнер көрсеткені үшін 10 млн теңге гонорар алатынын мәлімдеген еді.

<

Пікірлер