Қазақстандықтар ресейлік әншінің Алматыдағы концертін тоқтатуды талап етуде

882
Adyrna.kz Telegram
Фото: әншінің жеке мұрағатынан
Фото: әншінің жеке мұрағатынан

Ресейлік «Серебро» тобының бұрынғы мүшесі Ольга Серябкинаның Алматыдағы концертіне байкот жариялануда. Оған әншінің елді жамандады делінген видеосы себеп болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әлеуметтік желілерде айтылған сөздер контекстен бөлініп алынса да, көптеген қолданушылар оны қорлау ретінде қабылдап, Алматыдағы концертіне бойкот жариялауды талап етті.

«Не болып жатыр? Қазақстан? Бізге бәрібір...», — деп айтады ол видеода.

Кейбір желі қолданушылары әншінің бұл сөздерді чат сұрағына жауап ретінде айтқанын және оның мағынасы қате түсіндірілгенін атап өтуде. Дегенмен, бұл реніш толқынын тоқтатпады.

«Контекстен бөлінді ме, жоқ па — біз не айтқанын естіп тұрмыз. Бұл бізге жеткілікті. Ал кешірім сұраса, оны өз орнына қойсын, бізге олар қажет емес. Қазақстанға кіргізбеңдер! Сол жерде жылай берсін», — деп жазды бір қолданушы.

Пікірлер әртүрлі болса да, көпшілік концертке бойкот жариялау идеясына қолдау білдіріп отыр. Кейбіреулер оның Қазақстанда өнер көрсетуіне тыйым салуды талап етуде. Кейбір пікір білдірушілер кешірім сұрауға да көнбейді.

Пікірлер