Виртуалды университеттер жәрмеңкесі

4007
Adyrna.kz Telegram

Талдықорғандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Виртуалды университеттер жәрмеңкесі өтті.

Іс - шараға NIS-тің 100 оқушысы қатысты.

Карлтон университеті (Канада), EDHEC бизнес мектебі (Франция), Кембридж университеті (Ұлыбритания), Аризона мемлекеттік университеті (АҚШ), Бремен конструкторлық университеті (Германия), Гонконг университеті сияқты әртүрлі елдердің 39 университеті болашақ студенттерге қызықтыратын сұрақтары бойынша кеңес берді.

Жәрмеңке барысында оқушылар бейне чаттар, мәтіндік чаттар, презентациялар және онлайн сессиялар сияқты әртүрлі коммуникация форматтарын пайдаланып университет өкілдерімен белсенді араласты. Сондай-ақ балалар түрлі пікірталастарға қатысып, халықаралық білім беру мүмкіндіктерін талқылап, университет өкілдеріне сұрақтар қойды.

 Стони Бруктағы Нью-Йорк мемлекеттік университетінің кеңесшісі Пал Кримимен сөйлесу барысында мен университеттің 100% грант бере алмайтынын білдім. Бір уақытта бірнеше университеттерді қамти отырып, сайтты зерттеп қана қоймай, олармен байланысып, сұрақтарға жауап алған, керемет мүмкіндік, - деп өз пікірімен Эдвард Ни, 11-сынып оқушысы бөлісті.

Фордхэм университетінің өкілімен тіл табыса алдым. Бұл Нью-Йорк қаласындағы үш кампусты алып жатқан американдық жеке университет. Ең төменгі талап етілетін ILTS, SAT ұпайлары, бұл университетке түсу үшін тағы не дайындау керек, тұрмыс жағдайы қандай, толық грант бар ма, жоқ па, соны білдім, - Мәди Теміртас, 11 сынып оқушысы.

Өз кезегінде, қатысушы университеттер оқушыларға болашақ білім алу мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік беретін кәсіби бағыттарды қамтитын әртүрлі білім беру бағдарламаларын ұсынды.

 

Пікірлер