Home » Айдарлар » Саясат » Путин Арыстағы апатқа неге көңіл айтпады?!

Путин Арыстағы апатқа неге көңіл айтпады?!

Арыстағы апаттың салдарынан үш адам көз жұмып, қырық мыңнан аса азаматымыз өз баспанасын тастап, бас ауған жаққа босып кетіп, ана аңырап, бала адасып, күркелер қирады. Әп сәтте халық жиған-тергенінің бәрінен айырылып, күлін сипап қана қалды. Қайсібірін айтайық, бір сұмдықты бастан кештік. Шүкір. Кештік! Бұл оқиғаның өтіп кеткеніне құдайымызды үйіріп отырмыз. Дегенмен халық әлі де болса, Жәбірейіл жанында тұрғандай, қалт-құлт етіп қадамын әрең басуда… Есімізді жиып, етек-жеңімізді қолға алып үлгермедік те! Үкімет артық-ауыз әңгімеден тезірек арылу үшін халықты “сүйегің сол жерден шықсын” дегендей қауіпті аймаққа қайта апарып тастады. Осындай сұмдықтарды бастан кешкенде әлдекімнен жылу мен ауыз сөз демеу күтеді екенсін. “Дос-жоқшылықта сыналады” демекші Арыстағы апатқа көршілес Мемлекеттерден көңіл айту хаттары бірінен кейін бірі ағылып келіп жатыр, келіп жатыр. Оның өзі жырым-жырым жүрегімізге аз да болсын жамау болғаны жасырын емес. Мәселен, Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған “Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында болған жарылыс салдарынан қаза болғандарға Алладан рақым тілеп, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін” десе, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков телефон арқылы тілдесіп, әрдайым бізбен бірге екенін тілге тиек етті. Мұндай көңіл айту жедел-хаттары жетерлік. Осы орайда Ресей Федерациясымен екіжақты және көпжақты форматтардағы келіссөздер барысында энергетикалық, көліктік, атом және ғарыш саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырып, сауда-экономикалық өзара іс-қимылдарды бірге атқарып жүрдік. Бірақ жақыным деген сайын алыстаған Ресей қан жұтып отырған қазақ халқына басу айтып, бір жапырақ қағазын да жолдамады. Түптеп келгенде бір нанды бөлісіп жеген, бөлісіп деппін-ау, бүтін нанды орыстың аузына салып бергенімізге де қарамай, Құдайдың берген тегін сөзің қимаған Ресейді қалай ақтап алуға болады?! Әлде «қазаны басқаның – қайғысы басқа» деген позицияны ұстанып жүрді ме екен?! Бәлкім бұның мәні біз ойлағаннан да тереңде шығар. Бәлкім Путин үшін біз түкке тұрғысыз ел шығармыз..Алайда біздің президентіміз Қ. Тоқаев керісінше әрекет етті. Ресейде орын алған Иркутск облысындағы су тасқыны салдарынан адамдардың қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады. Былайша айтқанда, бермесе де беріп ұялтты. Әйткенмен ұялып отырған Ресейді көрген жоқпыз..Жалпы бұны қалай десек те, не десек те түсіндіруді қажет ететін теорема болып тұр!
Біз сенген Ұлы Ресей Федерациясы бұндай емес еді ғой…

 

Ақгүл АЙДАРБЕКОВА

“Адырна” ұлттық порталы

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Путин Қазақстанды қосып алмақшы ма?

ПУТИННІҢ «ҚАЗАҚСТАНМЕН КҮШ БІРІКТІРУІНІҢ» АСТАРЫНДА НЕ ЖАТЫР? Қазақстанның талантты азаматтарын Ресейге тартудың қажеттігі жоқ. Бұл ...