«Этика-әдеп негізі»

247
Adyrna.kz Telegram

Журналист қоғам мен билікті байланыстырушы көпір. Журналистика саласының қызығы мен қиындығы қатар жүреді. Бүгінгі қозғайтын тақырып ауқымы да осы саланы түгел қамтып отыр. Әдепті болу, мәдениетті болу, өз-өзіңді ұстай білу, ашуға бой алдырмау секілді сөздерді туғанымыздан естіп, көріп келеміз. Ал негізінде, бұл сөздердің біздің жұмысымызда атқаратын рөлі жоғары екендігін енді түсінгендейміз.

Осы бір сөздердің түйіні- этика.
Журналистің этиканы сақтауы оның жұмысындағы мәртебесі мен қызметіне тікелей әсер етеді. Этиканы сақтау- басшылықтан берілуі керек тапсырма немесе борыш емес. Этиканы сақтау сенің маман болып қалыптасу кезінде қалыптасуы қажет құндылық. Қазіргі қоғамда этиканы сақтамаған журналистер деген тақырыпта талқы көп. Алайда, анығына келгенде журналист кәсіби білікті маман болып қалыптасқан жағдайда, мұндай жағдайларды басынан өткізбейді. Кез келген жағдайда, мейлі студияда болсаң да сенің өз-өзіңді ұстау, этика құндылықтарын меңгеру қазіргі қоғамда кәсіби компетентті журналистерді көбірек қалыптастырар еді.
Кәсіби журналисттік этика принциптерінің ішінде әдетте алты негізгі пункт бар. Олар, біріншісі әрине, әлеуметтік жауапкершілік — автордың аты-жөні жазылған ақпарат үшін қоғам алдында жауап беруге дайын болу. Объективтілік пен шынайылық — журналист ұсынған ақпарат шынайы, дәл, жан-жақты, барлық тараптардың мүдделерін білдіруі керек. Әділдік — фактілерді мұқият тексеру, оларды дәлдігін жасырмау. Адалдық — қызметтік жағдайды пайда табу немесе өз мақсатында пайдаланбау, ақпарат көздерін құпия ұстау. Жеке адамның ар-намысын, қадір-қасиетін құрметтеу тексерілмеген мәліметтерді таратпау, сондай-ақ жеке өмірге қол сұғуға тыйым салу болып табылады. Кәсіби ынтымақтастық кәсіптің беделіне қамқорлық жасаудан, әріптестер мен аудиторияның сеніміне ұқыпты қараудан тұрады.
Бір қарағанда, жәй ғана принциптер. Бірақ астарында, салаға деген адалдық пен жұмыстағы
Бұл аталған принциптермен жұмыс атқару- қазіргі таңда компетентті, кәсіби журналистерді қалыптастырады.
Журналистердің қоғам мен медиа саласындағы атқаратын рөлі зор. Не үшін бұл тақырыптың ауқымы кең. Өйткені, қазірде медиа саласындағы этика түсінігінің салмағы ауыр.
Этиканы сақтау арқылы сауатты, кәсіби, білікті ортаны құру- өз қолымызда!

Айсара Мұратқызы

Пікірлер