Жаңаөзенде ақын Мұратхан Шоқанмен кездесу өтті

1018
Adyrna.kz Telegram

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен, Жаңаөзен қаласында "Бақыттымын, жанып тұр ішімде күн..." деген тақырыпта ақын, философ, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Мұратхан Шоқанмен тағылымдық кездесу кеші өтті.

Кездесуге қала әкімі Жансейт Кайнарбаев, әкімдік қызметкерлері, әр саланың мамандары, қала тұрғындары мен жастар қатысты. Кешті белгілі азамат Арғын Бисенов жүргізді.

Жаңаөзен қаласы соңғы кезде жақсы бастамаларды қолға алып, қала халқының рухани өсуін назарда ұстап, түрлі игі шаралар ұйымдастырып отыр. Ақынмен кездесу қалаға іргелес кендірлі ауылында жалғасын тапты. Ақын өлең оқып, "әр үйде бір шам жанып тұрсын", ұрпақ "отабасылық санамен шектелмей, ұлттық, адамзаттық, жаратылыстық санаға көтерілуі керек" деген қағидасымен бөлісті. Қала әкімінің қабылдауында болып ел игілігі үшін, іске асса құба-құп жобаларын ұсынды.

Пікірлер