Әркім емес. Әкім қызметтік көлігін мас күйде жүргізген

1488
Adyrna.kz Telegram
Фото: drivenn.ru
Фото: drivenn.ru

Павлодар облысында Қалқаман ауылдық округінің әкімі мас халде ұсталған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп. 

Қалқаман ауылдық округінің 31 жастағы әкімі қызметтік автокөлікті мас халде жүргізген. Мұны медициналық сараптама растады. Тілеуғали Кендебай 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

“Әдеп жөніндегі кеңестің шешіміне сәйкес, Қалқаман ауылдық округінің әкімі Тілеуғали Кендебайды қызметінен босату ұсынылды”, - деді әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Асхат Іскендіров.

Айта кетсек, Қалқаман ауылдық округінің әкімі бұл лауазымға былтыр желтоқсанда тағайындалған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер