“Қыз зорлады” деген күдікке ілінген бұрынғы полиция басшысы Күштібаев сот залында талып қалды

2396
Adyrna.kz Telegram

Талдықорғанда "қыз зорлады" деп айыпталған қалалық ішкі істер басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаев сот залында есініен танып қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Видео әлеуметтік желіде тарап кетті.

«Бүгін (сот отырысы 5 наурыз күні өтті - журналист) Талдықорған қаласының бұрынғы бас полицейі сот ғимаратынан осылай шықты. Оны миокард инфаркты белгілерімен жедел жәрдем алып кеткен. Марат Күштібаев қыз зорлады деп айыпталуда. Айыптаушы тараптың айтуынша, ол қылмысты өз кабинетінде жасаған», — делінген taldykorganec.insta парақшасындағы жарияланған видеоның астында.

 

Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі сот отырысында сотталушыны жедел жәрдем көлігімен алып кетті деген ақпаратты растады.

«Қазір сотталушы кардиологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында. Осыған байланысты сот отырысы кейінге шегерілді», - деді сот.

Еске сала кетейік, ақпан айының соңында Талдықорғанда қалалық ішкі істер басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевтың соты басталған болатын. Ол 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды. Зорлық-зомбылық қалай жасалғанын жәбірленушінің адвокаты Нұрлан Молбаев айтып берді.

Аталмыш оқиғадан кейін полиция қызметкерлері жұмыстан босатылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер