Құрылтай алдында. 10 км тереңдікті бұрғылауды Қытай жетістікке балайды

2187
Adyrna.kz Telegram
Фото: Синьхуа
Фото: Синьхуа

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында ультра терең ұңғыманы бұрғылау тереңдігі 10 000 м шегінен өтті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеп.

Бұрғылауға жауапты Қытай ұлттық мұнай корпорациясының (CNPC) Тарым мұнай кен орнының бас сарапшысы - Ван Чуншэн. Ол 10 мың метрге жеткеннен кейін 200°C-тан жоғары температура және 130 МПа-дан жоғары қабат қысымы сияқты күрделі проблемаларға тап болатынын және әр метр сайын күрделілік артатынын атап өтті.

Бұл - жобалық тереңдігі 10 000 мертден асатын Қытайдағы алғашқы ғылыми барлау ұңғымасы.

Бүгін Бейжіңдегі Халық жиналысы үйінде 14 шақырылған Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының екінші сессиясы ашылды. Сессияның ашылуына ел басшысы Си Цзиньпин және басқа да билік тармақтары  басшылары қатысты.

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цян Үкіметтің жұмысы туралы баяндама жасады.

Ал сессияның қарауына 2023 жылғы экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының орындалуы және 2024 жылға арналған жоспардың жобасы, сондай-ақ 2024 жылға арналған экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының жобасы туралы баяндама ұсынылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер