29-30 желтоқсан күндері танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың BRTV телеарнасы ұйымдастырған «最美中轴线 Singing for the Central Axis of Beijing» жобасы аясында Бейжіңдегі Жер храмына барып қайтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
1267 жылы Юань әулеті кезінде қалыптасқан бұл бағыт Жер храмы мен Аспан храмы сияқты маңызды тарихи нысандарды қамтиды. Жер храмы мен Аспан храмы алғашында бір кешен болғанымен, 1530 жылы бөлек нысандар ретінде қалыптасқан.
Жоба барысында Димаш Құдайберген қытайлық әнші Гун Линнамен бірге Жер храмының көрікті орындарын аралап, жергілікті тағамдардан дәм татып, бір-біріне сыйлықтар табыстады. Қазақтың ұлттық домбырасының тарихын баяндаған Димаш оны Гун Линнаға сыйға тартты.
Димаш дәстүрлі түрде домбырада ойнап, Гун Линна қытай халқының танымал «Jasmin» әнін орындады. Сондай-ақ, қазақтың халық әні «Қараторғайды» туған тілінде шырқап, тыңдармандарды тәнті етті.
Іс-шара соңында қатысушылар 1688 жылы салынған Чжэнъи храмының театрына барды. Бұл театр Бейжің операсын қою дәстүрін сақтап қалған мәдени мұра нысаны болып саналады.
Айта кетсек, бұған дейін Димаш Құдайберген Қытайдың Сычуань провинциясының астанасы Чэнду қаласында өткен жаңажылдық мерекеге қатысқан болатын.