КСРО-ны жоққа шығарған Медведев "ықпалдастық бөлігін қайтару" туралы айтты

4459
Adyrna.kz Telegram
Фото: rbc.ru
Фото: rbc.ru

КСРО-ны жоққа шығарған Медведев "ықпалдастық бөлігін қайтаруға" қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары, экс-президент Дмитрий Медведев Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының бұрынғыдай қайта жандана алмайтынын айтты. Ол бұл жайында 4 наурызда әлемдік жастар фестивалі аясында Краснодардағы Сириус аумағында өткен "Білім. Біріншілер" марафонында мәлімдеді.

"Мен КСРО-да дүниеге келдім, өстім, онда оқыдым. Білімім үшін Кеңес Одағына қарыздармын. Бірақ бір суға екі рет кіру мүмкін емес, ал Кеңес одағын сол күйінде жандандыру мүмкін емес. Кеңес Одағы Ресей империясының лайықты мұрагері болды", - деді ол.

Медведевтің айтуынша, Ресей империясы ата-бабалардың ондаған ұрпақтарының еңбегімен құрылды.

"Империя ғасырлар бойы оның интегралды бөліктерімен: ұлы, кіші және жаңа Ресеймен бірге құрылды", - деген еді.

Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары "бұл аумақтар кері қайтарылуы керек" деп атап өтті.

Пікірлер