Алматы әкімі жер сілкінісі туралы хабарлаудың жаңа жүйесіне қанша қаражат бөлінгенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Ерболат Досаев Үкімет отырысында мәлімдеді.
"Мемлекет басшысының 2024 жылғы 25 қаңтардағы тапсырмасы аясында, Алматы әкімдігі мобильді құрылғылар арқылы халықты шұғыл жаппай құлақтандыру жүйесін тығыз режимде ЦДИАӨМ, ТЖМ-мен бірлесіп қала тұрғындарын ТЖ туралы жедел хабардар ету мақсатында 2024 жылғы мамырдың аяғына дейін Cell Broadcast технологиясын пайдалана отырып, Mass Alert қағидаты бойынша халықты жедел құлақтандыру жүйесін енгізуді жоспарланып отыр, оған 475 миллион теңге бөлінді", - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев Үкімет отырысында.
Әкімнің айтуынша, Cell Broadcast SMS-технологиясы базалық станция антенналарының қамту аймағында орналасқан барлық абоненттер үшін жедел және жаппай таратуға, хабарландырулардың уақыты мен жиілігіне мүмкіндік береді екен.