Арнайы және көмекші мақсаттағы өрт сөндіру автомобильдері қажет – Абай ТЖД

3588
Adyrna.kz Telegram

Қазіргі таңда Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде арнайы және көмекші 174 бірлік техника бар. Бұл туралы ТЖД бастығының орынбасары, полковник Азамат Орымбаев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2022 жылдың 2-ші жартыжылыңда құрылуына байланысты, облыстық және Республикалық бюджеттен «2023-2027 облыстық дамыту бағдарламасын аясында» кезең-кезеңмен керек-жарақты техника және құтқару құралдарымен жабдықталып жатыр. Төтенше жағдай министрінің 2021 жылғы 06 қыркүйектегі №429 Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормалары туралы бұйрығына сәйкес машина орындарының санына қарай есептеледі. Осы бұйраққа қатысты "Абай облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ" РММ-де негізгі, арнайы және көмекші 174 бірлік техника болуы керек»,- деді ол.

Азамат Орымбаев қажетті мөлшерді толық жарақтандыру үшін негізгі, арнайы және көмекші мақсаттағы өрт сөндіру автомобильдері қажет екенін атап өтті.

«Біздегі техниканың ішінен 78-і 25 жылдан бері пайдаланылып келеді. Бүгінгі таңда олар кезең-кезеңмен жаңартылып жатыр. Техниканың жетіспеу себебі негізгі және арнайы техникалардың қымбатшылығы себеп болып отыр. Бұдан бөлек, жыл сайын бөлінетін қаржының жеткіліксіз мөлшерде бөлінуін айту керек. ҚР ТЖМ-нің 2023 жылға арналған мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде 8 бірлік техникаға жеткізушілерімен шарт жасалды. 2023 жылға республикалық бюджеттен 8 бірлік техника алуға 1 031 520 000 теңге бөлінді»,- деп толықтырды полковник.

Алайда ТЖД орынбасары бұл қаражат облыстағы өрт сөндіру бөлімшелерін толыққанды өрт сөндіру көліктерімен қамтамсыз етуге жеткіліксіз екенін мәлімдеді.

Пікірлер