Атырау облысында жарылу қаупі бар нысандар көп

2968
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысында өртке қарсы қорғауды 14 өрт сөндіру бөлімі жүзеге асырады. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, подполковник Руслан Шариев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Аталған өрт сөндіру бөлімдерінің 79% 1958-1993 жылдар аралығында салынған ғимараттар. Кәсіби авариялық-құтқару және кинологиялық қызметтердің қамтамасыз ету нормасы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2021 жылғы 06 қыркүйектегі №429 бұйрығымен бекітілген. Аталған нормаға сәйкес Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде 357 бірлік (121 бірлік негізгі, 59 бірлік арнайы және 175 бірлік көмекші) болуы тиіс. Алайда жоғарыда көрсетілгендей өрт сөндіру бөлімдерінің ғимараттары ескі болуына байланысты нормаға сәйкес техниканы өрт сөндіру бөлімдерінде орналастыруға мүмкіндік жоқ. Облыс аумағындағы өрт сөндіру автокөліктеріне арналған орындар бойынша есептесек, 100% қамтылған. Қазіргі уақытта Қызмет теңгерімінде 152 бірлік автокөлік құралы бар. Оның ішінде 65 бірлік негізгі, 20 бірлік арнайы, 67 бірлік көмекші»,-деді ол.

Руслан Шариев бұл өңір мұнайлы өлке болып табылатындықтан, аймақта резервуар парктері мен жарылу қаупі бар нысандар көп кездесетінін атап өтті.

«Нысандардағы өрттерді сөндіруді жеңілдету және өрт сөндірушілердің жарақаттануының алдын алу мақсатында «Thermite RS3» өрт сөндіруші роботын және биік ғимараттардағы өрттерді сөндіруге арналған өрт сөндіру дрондарын 2024 жылғы жергілікті сатып алуды ұсынып отырмыз. Ағымдығы жылы иінді көтергіш және өрт сөндіру дрон сатып алу үшін жергілікті бюджетке ұсыныс берілді. Нәтижесі маслихат отырысында белгілі болады. Төтенше жағдай департаментін жабдықтау ҚР ІІМ 2015 жылғы 27 маусымдағы №567 бұйрығына сәйкес іске асырылады»,-деп толықтырды ТЖД орынбасары.

Айта кетейік, биыл департаменттің техникалық базасы үшін бюджеттен 462,2 млн теңге бөлінген.

Пікірлер