Ұлттық жоба пұшпаққа шығара ма?

2573
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы  7 қазандағы № 67 Жарлығына сай Ұлттық жобалар тізімін бекіткен болатын.  Он ұлттық жобаның қатарында «Қауіпсіз ел» жобасы  елдегі қылмысты азайтып, оның алдын алуға бағытталған.  

Алкогольге тәуелділікке, темекі шегуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастырудың бірден-бір тетігі деп қарастырылатын жобаның  нәтижесі мардымды деп айту қиындау, әрине. Өйткені,  күннен күнге өршіген сыбайлас  жемқорлық фактілері күн санап өсіп,  адамға зиян келтіру, тіпті өлтіруге дейін барып жатқан қылмыстардың қатары қалың.

Қоғамдық орындарда тәртіпті нығайтуды көздейтін  шаралардың да бәсең жүруі салдарынан жасөспрімідер арасындағы қылмыстың өршуіне әкеліп отыр.  Тіпті көшеде жасөспірімдердің адам санасына сыймайтын қылымстарға баруы қауіпті жайт.  Бізге мұның барлығын ескермесек болмайды.

Ішімдік ішіп, отбасының берекесін кетірген ата-аналардың өз балаларына зәбір көрсетуі де ойландыратын жағдай.  Ұлттық жобаның ұран күйінде қалып қоймай,  елдегі қылмысты зайтудағы маңыздылығына  баса мән беретін кез жетті.   Отбасындағы ерлі-зайыптылардың арасындағы зорлық-зомбылықтың өршуі ойландыратын жағдай. Статистикалық көрсеткіштерге сүйенер болсақ, Қазақстанда жылына 80 әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны болады екен. Мұндай сорақылықтар отбасындағы дау-дамайдан болған деп пайымдағанның өзінде, саралап қараған адамға, әйелдер мен  балаларға тиісті деңгейде қорғансыз болып отырғанымызды аңғартады.

Бір ғана мысал,  бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бешімбаев жұбайы Салтанат Нүкенованы  жазым етуінің өзі қоғамда дүрбелең тудырды.  Қазақ отбасындағы мұндай жан түршігерлік оқиғаның орын алуы қоғамда әйел затының құқығының тапталып отырғанын дәлелдейді.

Біз осы тұрғыда халықтың пікіріне құлақ асқан болатынбыз.

Фарида ИЛЬЯСОВА, Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласының тұрғыны:  –  былтырғы жылдың соңын ала елдің жағасын ұстатқан ерлі-зайыптылардың арасындағы ауыр қылмыстық жағдай көбімізді есеңгіреткені анық.  Бұған дейін де сыбайлас жемқорлықпен айып тағылған Қуандық Бешімбаевтың жұбайын қастандықпен өлтіруі Қазақстан Республикасының Заңын ескермегендігі деп санауға болады.  Оның қылмысын айғақтайтын дәлелдер де жария болды.  Естуімізге қазір оның ісі сотқа жетіп, алқабилер алқасына жүгінуде екен.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жайлы, қауіпсіз мемлекет қалыптастырамыз деген   саясатына көлеңке түсіретін мұндай қылмыстар қатаң жазалануы керек. Әйел мен бала құқығының тапталуына көз жұма қарауға болмайды.  Бір бешімбаевтың ісі құқық қорғау органдарының жұмысын қатаңдатуға тетік болады деп ойлаймын.

Бағдат АЙТӨРЕНОВ: студент –  Қоғамда ақпараттық кеңістік мейлінше кең ашылғандықтан болар, қазір қылмыстың нешетүрін көріп, шошитын болдық.  Отбасындағы ерлі-зайыптылардың аяусыз зорлық зоблық фактілері күн сайын өршіп келеді.  «Балам – бауыр етім» дейтін қазақ қоғамында бала құқығының таплатуына дейінгі дәрежеге түстік. Бұл ұлтқа төнген қауіппен пара-пар деп білемін. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспрімдердің қиянатқа түсуі елде заңның босаңдығынан деп білемін.  Қазақстан – зайырлы мемлекет. Әркім өз құқығын қорғауға мүдделі.  

«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын қабылдаған үш жылда азайған қылмыстың қандай деңгейде екендігін баса айту қиын шығар. Бірақ, көзбен көріп, құлақпен естіп жүргенімізді сараласақ, жобаның орта жолда «жортақтап» қалғанын бағамдаймыз.  Нақты сөзбен емес, іспен Қазақстан азаматтарын заң негізінде қорғайтын уақыт жетті деп ойлаймын.

Пікірлерді қортындылай келе, елімізде адам құқығын қорғау мәселесі өте өзекті екендігін аңдаймыз. Президент пәрменімен бекітілген мұндай ұлттық деген атау берілген жобалардың мәртебесін арттыруда  күштік құрылымдар барынша жұмысты күшейтіп, халық арасында кеңінен насихат жұмыстарын жүргізген абзал болады.

Елімізде қылмыстың азайып, қауіпсіз мемлекетке айналамыз деген ниетпен қолға алынған ұлттық жоба бізді пұшпаққа шығара ма?! Осы жағын пайымдаған жөн болар...

Пікірлер