Ресей министрінің бұра тартуына Қазақстан министрінің орынбасары жауап берді

2436
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан сыртқы істер министрі басшысының орынбасары Роман Василенко Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың Орталық Азиядағы ҮЕҰ "Ресейге қарсы қызметпен айналысады"деген мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Роман Василенко азаматтық сектор мен ҮЕҰ-ны қолдау президент пен үкімет үшін маңызды басымдық екенін еске салды.

– Егер дұрыс есімде болса, біздің елімізде 18 мың үкіметтік емес ұйым бар. Олар заңнамаға сәйкес әрекет етеді әрі біздің қоғамның өте маңызды бөлігі саналады. Яғни, азаматтық қоғамды мемлекет қолдайды, - деді ол.

Бұған дейін Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Кремльдің Киевка қарсы соғысына меңзеп, Орталық Азия елдерінде Ресеймен әскери-техникалық, экономикалық және мәдени ынтымақтастығын әлсірету үшін Мәскеуге қарсы әрекеттер бой көтергенін мәлімдеген.

– Біз олардың алдын алу шараларын қабылдаймыз, - деген Ресей министрі Сергей Шойгу.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер