Шойгу және тәліптер. Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ауғанстанға барды

1409
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/02/shojgu-1-960x500.jpg?token=91e4bfa491c5d0a1b3f98df7786934a9

Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу 25 қарашада жұмыс сапарымен Ауғанстанға барды. Бұл туралы ресейлік ақпарат агенттіктері жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Хабарламада Шойгу "Талибан" басқарған елдің "жоғары билігімен" кездесіп, "вице-премьерлер мен министрлермен экономика, көлік және қауіпсіздік мәселелерін талқылады" деп жазылған.

Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі ТАСС агенттігіне: "Ауғанстан үкіметі билікке келген

уақыттан бері көп нәрсе өзгерді, жағдай айқын болды" деген сөздерін жеткізді.

Ал "Интерфакс" агенттігі Шойгудың Ауғанстанмен "барлық бағыттар бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін" айтқанын келтіреді.

"Біздің елдеріміз арасындағы саяси диалогты құруға дайын екенімізді растаймын, оның ішінде ауған ішіндегі реттеу процесіне серпін беру мақсатында", - деді ол.

Комментарии