Ермек Маржықпаев үміттеніп отырғанын айтты

1074
Adyrna.kz Telegram

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесспен кездесіп, Париж Олимпиадасына дайындық барысын талқылады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жиыннан кейін журналистер министрден «Қазіргі таңда қанша лицензиямыз бар және оны қаншаға жеткізу көзделген?» деп сұрады.

«Бүгінгі таңда бізде 8 спорт түрінен 19 лицензия бар. Өкінішке қарай бұл көрсеткіш Токио Олимпиадасынан аздау. Токио Олимпиадасының алдындағы осы уақытта 30-дан астам лицензия болған. Сондықтан бүгінгі ең басты мақсат лицензия санын көбейту керек болып отыр. Алдағы уақытта әлі 60 лицензиялық турнир бар. Жалпы 70-тен астам жолдама аламыз деп үміттеніп отырмыз. Қазіргі таңда бокстан ұлттық құрама Италияға аттанды. Сол жақтан 3-4 лицензия алсақ деп отырмыз. Осы Олимпиада да жаңа есімдер пайда болады. Бокс, күрес, гимнастика саласынан олжалы болуымыз мүмкін», – деді ол.

Пікірлер