Алматыда электр энергиясының тарифі көтеріледі

1236
Adyrna.kz Telegram
фото: Егемен Қазақстан
фото: Егемен Қазақстан

1 наурыздан бастап Алматыда электр энергиясының тарифтері өзгереді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алматы қаласы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департамент басшысы Әсел Буденеева мәлім еткендей, "Бірыңғай сатып алушы" моделінің енгізілуіне және орташа айлық жалақының өзгеруіне байланысты электр энергиясы тарифтері көтеріледі.

Мәселен, орташа сату тарифі ҚҚС-сыз 28 теңге/кВтсағ құрайды.
Халыққа арналған тариф - ҚҚС-сыз 25,55 (+10%) теңге/кВтсағ.
Заңды тұлғалар үшін тариф - ҚҚС-сыз 29,73 (+11%) теңге/кВтсағ.
Бюджеттік ұйымдар үшін тариф - ҚҚС-сыз 32,73 (-10%) теңге/кВтсағ.
ӘМАТ өндірушілері үшін тариф-ҚҚС-сыз 28 теңге/кВтсағ.

Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндірушілер үшін тариф ҚҚС-сыз 28 теңге/кВт/сағ құрайтын болады.

Ал өз кезегінде тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтерге тоқталсақ:

бірінші деңгей-ҚҚС-сыз 23,16 теңге/кВтсағ;
екінші деңгей-ҚҚС-сыз 30,66 теңге / кВтсағ;
үшінші деңгей-ҚҚС-сыз 38,33 теңге / кВтсағ.

Жеке шотқа орташа тұтыну 208 кВтсағ болатын болса, азаматтар орташа есеппен 506 теңгеге артық төлейді.

"Электр энергиясы тарифтерінің дифференциациясын жою жобасы аясында департамент 8,7% көрсеткішке (орташа және халыққа арналған тариф арасындағы алшақтық) қол жеткізді", - деп атап өтті Реттеу комитетінің қалалық департаментінің басшысы. ҰЭМ Табиғи монополиялар басқармасы Әсел Буденеева.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер