Депутат студенттер үшін ескі Қазақстан өкілдеріне шүйлікті

765
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров RAMS компаниясының бенефициарларын “Ескі Қазақстанның” өкілдері деп атап, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті аумағында студенттерге жерді қайтармай отыр деп айыптады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Біз қазір Ұлттық аграрлық университеттің қалашығындамыз. Ескі Қазақстанның өкілдері мықты позицияда тұрып, мұнда бес-бес қабатты бес үй салуды көздеген», - деді Саиров әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол жоспарланған құрылыс орнындағы шұңқырды көрсетті.

«Бүкіл жер колледж қалашығы.  Студенттерге соншалықты дөрекі болмау керек деп ойлаймын. Жастар – болашағымыз десек, жастардың қажетті білім алып, ғылыммен айналысуына жағдай жасауымыз керек. Сондықтан мұндай арсыздықты тоқтатуымыз қажет. Алматыдағы RAMS компаниясы өз жерлерін балаларға қайтарғысы келмейді. Менің ойымша, бұл мәселемен Бас прокуратура айналысып, жерді студенттерге, біздің балаларымызға қайтару керек. Біз бұл мәселені Бас прокуратурамен бірлесіп шешетін боламыз», - деді Саиров.

Пікірлер