Қазақстанда Наурыз мейрамы басқаша тойланады. Мемлекеттік органдар жоба дайындауда

956
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда көктемнің басты мерекесі – Наурыз мейрамын басқаша тлйламақ. Мәдениет және ақпарат министрлігі  қазіргі уақытта барлық мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тәсілдері әзірленіп жатқанын айтты,  деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengri Life-қа сілтеп.

Министрлік атап өткендей, құжат талқылау сатысында және ағымдағы жылдың наурыз айының басында көпшілікке жарияланады.

Қосымша түсініктеме алу үшін Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің баспасөз қызметіне жүгінілген.

Наурыз түркі халықтары үшін діни әдет-ғұрыпқа тікелей қатысы жоқ дәстүрлі көктем мерекесі. Наурыз көктемгі күн мен түннің теңелетін күндері тойланады. Ежелгі әдет-ғұрып бойынша, мереке алдында адамдар өз үйлерін, айналасын тазартып, қарыздарын өтеуі керек.

Ал Наурыз қазіргі қазақстандықтар үшін түркі көшпелі мәдениетін ұлықтау күні. Бұл күндері еліміздің түкпір-түкпірінде киіз үйлер тігіліп, қазақтың ұлттық тағамдары – наурыз-көже, бауырсақ, шелпек, жент, қымыз және басқа да тағамдар таратылды.

Қазір Қазақстанда Наурыздың қалай тойланатыны әзірге белгісіз.

Еске салайық, бұған дейін «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ол үшін Жаңа жылдың қасиетті мәні жоқ екенін айтқан болатын. Елбасы біздің де төл Жаңа жылымыз – Наурыз мейрамы бар екенін, ол табиғаттың жаңа тіршілік циклінің бастауын білдіретінін атап өтті.

«Наурыз мейрамы жаңаруды білдіреді, сонымен қатар оны жаңаша: мазмұнды, жасампаз, жаңа ерекшеліктерді енгізу арқылы тойлау қажет. Бұл қоғамды біріктіруге және ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға септігін тигізетініне сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы.

Пікірлер