Полиция Ресей үшін Украинаға қарсы соғысатынын айтқан ерлі-зайыптылармен сөйлесті

1191
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысының полиция департаменті «Ресей үшін Украина қарсы соғысуға дайынбыз» деп мәлімдеме жасаған  ерлі-зайыптылармен әңгімелесті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Аталған факті бойынша Ақтөбе қаласының тұрғындары анықталып, полиция бөліміне шақырылды. Олармен алдағы уақытта осы тақырыпта арандатушылық сипаттағы мәлімдемелерге жол бермеу жөнінде профилактикалық әңгімелесу жүргізілді», - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін ерлі-зайыптылар Ресей үшін соғысуға дайын екенін айтып, Кеңес Одағын қайта құру идеясын қолдайтынын жеткізген еді.

Пікірлер