Ақтөбе облысының полиция департаменті «Ресей үшін Украина қарсы соғысуға дайынбыз» деп мәлімдеме жасаған ерлі-зайыптылармен әңгімелесті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
«Аталған факті бойынша Ақтөбе қаласының тұрғындары анықталып, полиция бөліміне шақырылды. Олармен алдағы уақытта осы тақырыпта арандатушылық сипаттағы мәлімдемелерге жол бермеу жөнінде профилактикалық әңгімелесу жүргізілді», - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін ерлі-зайыптылар Ресей үшін соғысуға дайын екенін айтып, Кеңес Одағын қайта құру идеясын қолдайтынын жеткізген еді.
Related news
Vice Prime Minister and Minister. Jamaubayev told about the difficulty of carrying out two duties at the same time
