"Құдайдың сыйы". Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зұлқия Жұматова 104 жасқа толды

2487
Adyrna.kz Telegram

Қазақ телевизиясының қарлығашы, тұңғыш диктор - Зұлқия Жұматова 104 жасқа толды, деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Ғасыр куәгері, Зұлқия Мұқанқызы - 1920 жылы 20 ақпанда Павлодар облысы, Баянауыл ауылында дүниеге келген. Анасы 1935 жылы қызы он бес жаста болғанында қайтыс болды. Зұлқия әулеттің үлкені болғандықтан, жеті бауырының тағдыры өміріне үлкен жауапкершілік жүктеді. Осындай жап-жас шағынан ол әкесіне балаларын тәрбиелеуге көмектесу үшін Павлодарға көшуді ұйғарады. 1941 жылы әкесі жалғыз сиырын сатып, қызын қалаға жібереді. Зұлқия отбасын Павлодарға көшіріп алғанына небәрі үш ай өткенде, әкесі қайтыс болды, ал қыз балаларын жалғыз өзі тәрбиелеуге мәжбүр болады.

Зұлқия Жұматова соғыс жылдарында зауытта жұмыс істеген. Ол кешке дейін жұмыс істеп, тылға көмектесті. Ол уақытта өзі тұрмыста еді. Күйеуімен сегіз жыл бірге тұрды, алайда сұм ажал күйеуінің де өмірін қиды. Күйеуі майданда қаза тапты. Екі баламен қалған ол екінші рет ауыл шаруашылығы институтының ректоры Әубәкір Жұматовқа тұрмысқа шықты. Оның да екі баласы болды. Тағдыр қосқан жандар тұтас бір отбасыға айналды. Өкінішке қарай, күйеуі ерте қайтыс болды. Ол небәрі 49 жаста еді.

Зұлқия дикторлық жолын 1958 жылы кастингке келген кезде бастады. Сол жылы радио мен газеттерде Қазақстан телевизиясының ашылғаны жайлы хабарлады. Бойжеткен өзін балалар бағдарламасында сынауды ұйғарды.

Комиссия құрамында жиырмадан астам адам отырды, оның ішінде Шәкен Айманов та болды. Ол Зұлқияға бір өлең оқып беруін өтінді. Бойжеткен комиссия мүшелерін тәнті етіп, 750 үміткердің арасынан таңдалды.

1958 жылы 8 наурызда дикторлар Зұлқия Жұматова мен Нелли Омарованың қатысуымен алғашқы телехабар шықты.

Өзінің ұзақ жасауының сыры туралы "бұл - құдайдың маған берген сыйы" деп атаған болатын. Қазір Зұлқия Мұқанқызы қызымен бірге Алматы қаласында тұрады.

Пікірлер