Мешіттегі оқушы. Ағарту саласын "қарайту" ма?

1505
Adyrna.kz Telegram

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп секілді мекемеде намаз оқыған оқушыларға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Үкімет отырысынан кейін журналистер «Қателеспесем Шымкент қаласы әкімінің орынбасары (Сәрсен Құранбек – СЖ) «Құрметті имамдар, сіздерден өтінемін, әлі буыны қатпаған жас баланы мешітке шақырмаңыздаршы» деп айтып еді. Жалпы осындай тенденция қалыптасқанын байқаймыз. Оқу-ағарту министрі балаларды ағартуға емес, қарайтуға жұмыс істеп жатқан жоқ па? Оқушылардың мешітке баруы неге көбейіп кетті?» деп сұрақ қойды.

"Жалпы оқу-ағарту министрлігінің негізгі басты мақсаты біздің балаларымызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру екенін мен үнемі айтып жүрмін. Сондықтан да барлық жұмыс тиісінше біздің балаларымыздың осы бағыттағы мәселені шешудегі іс-шаралар қабылдап жатырмыз. Ал енді жекелеген өңірлердегі кейбір мәселелер бүкіл оқу-ағарту саласындағы балаларды қарайтуға бағытталып жатыр деп айтуға болмайды. Біз кез келген мәселені локальды түрде шыққан жерінде анықтап, бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіп отырмыз. Қазір өзіңіз білесіз, 1 қыркүйектен бастап біртұтас тәрбие бағдарламасы қабылданды. Балалардың тұлға болып қалыптасуына бағытталған үлкен іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Сондықтан бұл жерде тиісінше балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасап жатырмыз", – деді министр

Пікірлер