Дүниежүзі бойынша шамадан тыс метан жұмсаған қазақстандық компанияға айыппұл салынды

853
Adyrna.kz Telegram

Қаратұрын кен орнындағы ұңғымадан шыққан өртке байланысты «Бозашы мұнай» компаниясына 350 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Экология министрлігінің мәліметінше, Маңғыстау облысында атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының метан бойынша 480 есе, мұнай өнімдері бойынша топырақта 168,13 мг/кг артқаны анықталды. Берілген рұқсат бойынша ұңғыманы бұрғылау 2024 жылы басталуы керек еді, бірақ ол 2023 жылдың мамырында басталды.

«Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынға келтірілген экологиялық залалды жою, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссия нормаларын сақтау бойынша қалпына келтіру бағдарламасын әзірлеу қажеттігі туралы бұйрық шығарылды. Алдын ала мәліметтер бойынша төрт әкімшілік хаттама толтырылды. Есептеулер бойынша айыппұл 350 млн теңгеден асады», - деп хабарлады ведомстводан.

Экология министрлігі №303 ұңғыма 9 маусымда өртеніп, 2023 жылдың 25 желтоқсанында сөндірілгенін еске салды. Ведомствоның мәліметінше, өрттің ұзақтығы 200 күн болған.

Жақында британдық BBC телерадиокомпаниясы бұл метанның шектен тыс жанып кетуі бойынша әлемдегі екінші үлкен оқиға екенін мәлімдеді. Басылымның мәліметінше, 127 мың тонна газ сыртқа шығып, бірнеше ай бойы өртке ұласқан. Жасанды метанның жану ауқымы бойынша бірінші орында ресейлік газдың Германияға өтетін Солтүстік ағын 1 және Солтүстік ағын 2 құбырларының 2022 жылы су астындағы жарылыстары аталды. Осы оқиғаның нәтижесінде атмосфераға шығарындылар 230 мың тонна метанға бағаланады.

Пікірлер