Елена Рыбакина Дохадағы сайыста қарсыласына есе жіберіп алды

2605
Adyrna.kz Telegram
фото: olympic.kz
фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшы Елена Рыбакина халықаралық турнирдің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Теннисші Елена Рыбакина Дохада өткен WTA 1000 турнирінің финалында қарсыласынан жеңіліп қалды. Финалда әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек пен Елена Рыбакина кездесті.

Бірінші сет 7:6 есебімен польшалық теннисшінің пайдасына шешілді. Екінші сетте Еленаның қарсыласы дес бермей ойынды 6:2 есебімен аяқтады.

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Елена Рыбакина жарыстың финалисі ретінде 650 рейтингтік ұпай мен 308 320 АҚШ долларын иеленген.

Ал турнирдің жеңімпазы атанған польшалық спортшы Ига Швентек 1000 рейтингтік ұпай мен 523 485 АҚШ долларын еншілейді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер