Cпортшылар халифат құру идеясын ашық айтып жүр - Ринат Зайытов

1053
Adyrna.kz Telegram
фото: Total.kz
фото: Total.kz

Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов еліміздегі спортшылар арасында теріс діни ағымға бет бұрып жүргендер бар екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Adal Adam YouTube-арнасына сілтеп.

«Іс-шараларға барамыз, түрлі саланың өкілдерімен араласамыз. Сондай жиындарда спортшылар да болады. Солардың арасында «біз халифат құруымыз керек» деп ашық айтатындары бар», – дейді депутат.

Оның айтуынша, әсіресе күш қолданылатын спорт түрлерінде жүрген кейбір спортшылардың діни көзқарасы алаңдатарлық.

«MMA жарыстарында бір жағына Қазақстанның туын, екінші жағына жасыл түсті, арабша жазуы бар туды алып шығатын қазақтың жігіттерін өз көзіммен көрдім. Ол қандай ту – түсінбедім. Бірақ олар неге осы спорт түрін таңдайды, түпкі мақсаты не – бұл жағы зерттелмей жатыр», – деп алаңдаушылығын білдірді Зайытов.

Депутаттың сөзінше, бүгінде теріс ағым өкілдерін сыртқы келбеті арқылы тану да қиын.

«Баяғыдай сақал қойып, сырттай білінетін уақыт емес. Қазір ондайлар сақал да өсірмейді. Мысалы, Сирияда бір күнде бүлік болғанда, қауіптің қайдан келгенін халық түсінбей қалған. Кейін белгілі болғандай, ДАИШ өкілдері сол елдің билігіне дейін кіріп алған екен. Сондықтан ондай қауіп бізде жоқ деп кесіп айту қиын. Таңданатыным – бұл мәселе неге әлі күнге дейін терең зерттелмей келеді?», – дейді мәжілісмен.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің басшысы Ербол Мырзабосынов «діндар» спортшылармен жұмыс жүргізілетінін, бұл бағытта арнайы жол картасы жасалғанын мәлімдеген еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер