Көрсеткен көмегі үшін. Тәжікстан елшілігі Қазақстанның ТЖД мен полициясына алғыс білдірді

841
Adyrna.kz Telegram
Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz

15 ақпанда Жақсы ауданында полиция, төтенше жағдайлар қызметі және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күшімен 124 шетелдік автобус жолаушысы қар құрсауынан шығарылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақмола облысының полиция департаменті екі автобустың Жақсы ауылының маңында тоқтағанын хабарлады: бірінші жағдайда 30 градус аязда жанармай қатып қалған, екіншісінде стартердің сынуы салдарынан жанармай қатып қалған.

Полицейлер адамдарды құтқару және жылу орталықтарына орналастыру шараларын ұйымдастырды.

«Нәтижесінде 124 шетел азаматы, оның ішінде Өзбекстанның 15 және Тәжікстанның 109 азаматы (тоғыз әйел және 15 бала) зардап шеккен жоқ, олар ыстық тамақ пен түнейтін орындармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар автобустардағы ақаулар жөнделіп, жолаушылар қайтадан жолға шықты», - деп хабарлады департамент.

Тәжікстан Республикасының Елшілігі Алматы-Екатеринбург тас жолында өз азаматтарын құтқарып қалғаны үшін Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен полициясына құрмет пен алғысын білдірді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер