Алматылық әйел алаяққа сеніп, 83 миллион теңгесінен айырылған

879
Adyrna.kz Telegram
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Алматы тұрғыны инвестиция жасамақ ниетпен алаяққа 83 миллион теңге берген. Полицейлер күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Т. есімді азаматша таныстарына ЖШС бірінің атынан ірі отандық компаниялардың біріне салымдар – инвестиция арқылы қосалқы бөлшектерді жеткізуге келісімшарт жасағанын айтты. Бірақ ең қызығы компанияға бұл салым қажет емес болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Т. есімді азаматша делдал ретінде 10 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін алдын ала төлем алған, ал жәбірленушілердің бірінен 83 миллион теңгені алып алған”, - деп хабарлады Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Полицияның айтуынша, күдікті ұсталған. Күдікті Алматы облысының тұрғыны. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталған.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер