Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының чемпиондары анықталды

1393
Adyrna.kz Telegram

Қостанайда ауыр атлетикадан екінші жарыс күні аясында ерлер арасында 61 келіге дейінгі салмақта, әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта чемпиондар анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлер арасында 61 келіге дейін:

Мақсат Қуантқан, Қызылорда облысы - 263 келі (жұлқа көтеруде 118 +145 келі)

Әлихан Әскербай, Жетісу облысы - 254 келі (114 +140)

Ерназ Алпысов, Шығыс Қазақстан облысы – 251 келі (110 +141).

“Қарсыластардың бәрі мықты болды, әсіресе Әлихан. Тамыз айында тағы бір ірі жарыс өтеді, онда нәтижені бекітіп, содан кейін әлем чемпионатына дайындалу керек», - деді Мақсат Қуантқан.

Әйелдер, 55 кг дейін:

Ксения Прозорова (Алматы облысы) - 175 келі (80+95)

Юлия Трошкина (Ақмола облысы) - 155 келі (72+83)

Нұрсыйла Берікбол (Ұлытау облысы) – 146 келі (64+82).

Ескере кету керек, Ксения Прозорова (жеке жаттықтырушысы Азамат Нұруллаев) ересек ҚРЧ дебютанты ғана емес, сонымен қатар ең жас үш қатысушының бірі, ол 2010 жылы туған. Дебютант мәртебесіне және әлі жасөспірімдік кезеңіне қарамастан, Ксения өте сенімді түрде жеңіске жетті.

Ксенияның сөзінше, оның жеңісінің құпиясы табандылықта.

“Мен күн сайын, демалыссыз жаттығамын. Болашақта Олимпиада ойындарына дейін барлық беделді халықаралық жарыстарда жеңіске жетіп, жаңа әлемдік рекордтар орнатқым келеді, - деді Ксения Прозорова.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер